Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада журналист Ирина Бекетованы өлтірген күдікті Ақмола облысында ұсталды, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.
«ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің жедел уәкілдері Ақмола облысының Аршалы ауданы Ижевское ауылында, Есіл өзенінің жағасында иесіз қалған ғимараттан «Nur.kz» журналисі Ирина Бекетованы қызғаныш салдарынан өлтірген А.Гусейновті қолға түсірді. И.Бекетованың мүрдесі үйінің кіреберісінде соққы іздерімен табылған болатын», - деді жұма күні ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.
Оның айтуынша, оны ұстау операциясы сәтті өткен.
«Күдікті ұстау барысында қарсылық танытпаған. Полиция қызметкерлері оның қашуына мүмкіндік бермей, дәл үстінен түскен. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді А. Садубаев.
Еске салсақ, 25 қыркүйекте Nur.kz жаңалықтар порталының тілшісі И. Бекетованы Астанада өлтіріп кеткен болатын. Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Кейінірек белгілі болғандай, журналист И.Бекетованың өлміне қызғаныш себеп болуы мүмкін.
Астанада журналистті өлтірген күдікті Ақмола облысында ұсталды
