Астанада жыл соңына дейін екі мектеп ашылады

Күні: 10:33, 13-10-2014.

Астана. 13 қазан. ҚазТАГ – Астанада жыл соңына дейін екі мектеп ашылады, деп хабарлады елорда әкімінң ресми сайты.
«Астанада жаңа оқу жылының басында бес жаңа мектеп өз жұмысын бастады. Қазіргі кезде оқу орындарында 6 мыңнан астам бала білім алуда. Жыл соңына дейін тағы да екі мектепті пайдалануға беру жоспарланған», - деп көрсетілген дүйсенбі күнгі жарияланған хабарда.
Астана қаласы Құрылыс басқармасының хабарлауынша, мектептердің бірі Есілдің сол жағалауында (№4 шағын ауданда, № 19 көшенің оңтүстігінде), екіншісі Комсомольский тұрғын алабында орналасады.
Жоспар бойынша нысандар үстіміздегі жылдың қараша айына дейін аяқталып, тапсырылады. Осылайша, 2 400 оқушы 2015 жылдың басында жаңа мектептердің табалдырығын аттайды.
Жыл сайын елордада жаңа тұрғын үйлер мен кешендер салынады, әсіресе Есіл ауданында құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Жаңа мектептердің ашылуы елорда тұрғындары үшін аса маңызды. Бұл қаланың жаңа аудандарында тұрып жатқан оқушыларды тең бөліп, оқу сыныптарындағы жүктемелерді азайтуға мүмкіндік береді.


Жаңалықтармен бөлісу: