Астанадан Вьетнамға әуе рейстері қайта ашылады деп күтілуде

   Астана.28 қараша.ҚазТАГ- Астанадан Вьетнамға әуе рейстері қайта ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай.
   "Vietjet Air" ірі вьетнамдық авиакомпаниясы 25 желтоқсаннан бастап Airbus А – 330 типті әуе кемелерінде аптасына 3 реттік жиілікпен Камрань-Астана бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", - делінген ресми хабарламада.
   Осылайша, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру жоспарланған. Соның арқасында сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастық күшейеді.

adimage