Астаналық әйелден интимдік видеоны таратамын деп 40 млн теңге бопсалаған

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Астаналық әйелден интимдік видеоны таратамын деп 40 млн теңге бопсалаған, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсы.

«Жәбірленушінің айтуынша, ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компаниясының атқарушы директоры қорқыту және интимдік видеожазбаларды тарату арқылы одан 40 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, азаматша 15 млн теңгесін беріп қойған.  Оның айтуынша күдіктілер қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған.

Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екеуін ақша қаражатын беру барысында қылмыс үстінде ұстады, олардан 2 млн теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді.

adimage