Астананың 78 мың зейнеткері шамамен Т6 мың көлемінде біржолғы материалдық көмек алды

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ – Халықаралық қарттар күні қарсаңында Астананың 78 мың зейнеткері шамамен Т6013 көлемінде біржолғы ақшалай көмек алады, деп хабарлады елорда әкімінің сайтынан.
«Қарттар күні қарсаңында 78 мың зейнеткерге  (төменгі зейнетақы алушылардан басқа) Т6013 (2,5 АЕК) көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Сондай-ақ, бұл күні зейнеткерлер қалалық барлық жолаушылар көлігімен тегін жүрді. Cонымен қатар, тіс протезі қызметін тегін пайдаланғандар да болды», – делінген Астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ресми хабарында.  


adimage