Астананың атын өзгерту қосымша ақша талап етпейді – Смайылов

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ - Баубек Қоңыров. Астананы Нұр-Султанға қайта атау республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қосымша қаржыландыруды талап етпейді, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов.
«Жақында елорданы Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыру туралы заң қабылданды. Осыған байланысты республикалық немесе жергілікті бюджеттен қосымша ақша берілмейді», - деді Смайылов сейсенбі күні үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Орталық мемлекеттік органдарға қатысты айтсақ, оның айтуынша, қалада орналасқан ғимарат маңдайшаларындағы белгілерді ауыстыру үшін қаражат қажет болады, бірақ олар ағымдағы қаржыландырудың бір бөлігі ретінде бөлінеді.
Яғни, мемлекеттік органдардың жылдық қаржыландыру аясында. Бланк қағаздарға атысты айтсақ, біздің мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымына ауысқанын ескеруіміз керек.
«Яғни жыл сайынғы мемлекеттік органдарды күтіп ұстау аясында. Бланка өнімдеріне келер болсақ, онда біздің мемлекеттік органдардың электронды құжат айналымына көшкенін ескеру керек.
Сондықтан бланкаларды басып шығаруға көп шығын талап етілмейді. (…). Мен кеше қала әкімімен сөйлестім, ол жалпы қала бойынша ескірген маңдайшалар мен белгілерді ауыстыруға жыл сайын жергілікті бюджеттен 40 млн теңге қарастырылатынын айтты.
Яғни бұл ағымдағы шығындар, солардың аясында олар кезең-кезеңімен сол маңдайшалар мен белгілерді ауыстыратын болады», - деді Смаилов.
Еске салсақ, 20 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа қызметке кіріскенін білдіретін Қазақстан Конституциясына ант қабылдағаннан кейін мемлекет басшысы лауазымындағы бірінші ресми сөз сөйлеуінде Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгерту идеясын айтты.
Бірнеше сағат өткеннен кейін Қазақстан парламентінің екі палатасының бірлескен отырысында мәжіліс және сенат депутаттары астананың атауын өзгерту үшін Конституцияға түзетулерді қабылдады.
Қазір негізгі заңның 2 бабының 3 бөлігінде «Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады» делінген, ал 3.1. бөлігінде «Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін» деп көрсетілген.
Елорда мәслихаты Астананы Нұр-Сұлтан етіп өзгерту идеясын қолдады.

adimage