Астананың сол жағалауындағы ТК-дегі өрт: 11 адам медкөмекке жүгінді

Күні: 11:24, 01-03-2019.

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ – Астананың солтүстік жағалауында орналасқан «Камал-4» ТК өрттен кейін 11 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«11 адам медициналық көмекке жүгінді, оның 5-уі ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады жұма күні Нұрахметов.
Оның ақпарынша, 28 ақпанда сағат 22.18-де 3-қабаттағы пәтерде үйдегі заттар мен 15 ш.м. алаңдағы балкон өртенген.
«Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен өрт 22:46-да ауыздықталып, 22:58-де сөндірілді. Тұрғындардың бір бөлігі өз беттерімен қауіпсіз жерге шықты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 25 адамды құтқарды, оның 10-ы бала», - деп хабарлады ТЖК төрағасы.
Оның ақпарынша, өртті сөндіруге Астана ТЖД жеке құрамдағы 23 адамы мен 5 дана өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.


Жаңалықтармен бөлісу: