Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Астананың сол жақ жағалауында бірқатар көше велошерудің өткізілуіне байланысты сенбі күні уақытша жабылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтындағы хабарда.
«22 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ-ның бастамасымен өтетін велошеру барысында қаламыздың сол жағалауындағы көшелер ішінара жабылады», - делінген жұмадағы хабарда.
Атап айтсақ, қысқа мерзімге мына көшелер жабылады: Тұран даңғылы бойымен Керей, Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы дала көшесіне дейін, одан ары Ұлы Дала көшесі бойымен Тұран даңғылынан Мәңгілік ел көшесіне дейін, Мәңгілік ел көшесі бойымен Ұлы дала көшесінен бастап Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін, ары қарай Керей, Жәнібек хандар көшесі бойымен Тұран даңғылына дейін.
Астананың сол жақ жағалауында бірқатар көше сенбі күні уақытша жабылады
