Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Астананы су басты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Гидрик (гидрокостюм – ҚазТАГ) киеміз бе, әлде кроссовки ме?» - деп сұрақ қойған Астанада Тархан көшесінің тұрғыны.
Ол көшелерді су басқан суреттерді жариялаған.
«Қазіргі таңда аудан аумағын санитарлық тазалау бойынша жұмыстар белсенді түрде атқарылуда. Сонымен қатар су тарту жұмыстары да күшейтілген тәртіпте жүргізілуде. Бұдан бөлек, сіздің сұрағыңызда көрсетілген мекенжай бойынша арнайы техника жұмыс жасап жатыр», - деп хабарлады ҚазТАГ редакциясына сейсенбі күні астананың Байқоңыр аудандық әкімдігінен.
Астананы су басты
