Астананың жанындағы Тайтөбеде сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғыртуды жалғастыруға Т1,3 млрд астам жұмсамақ

Астана. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғыртуды жалғастыруға Т1,3 млрд астам жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі; атауы - сумен жабдықтау объектілерінің / жүйелерінің / желілерінің, су өткізу желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т1 344 249 187», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтеді.

«Қайта жаңғыртуға арналған құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталмаған нысанның жалғасы болып табылады. Жеңімпаз нысанды толық аяқтау және бұрын аяқталған жұмыстарды қоса алғанда, оны тұтастай пайдалануға беру міндетін өз мойнына алады. Бүкіл сумен жабдықтау жүйесін, оның ішінде су алу және сумен жабдықтау құрылыстарын сынақтан өткізеді», - деп сатып алынатын жұмыстың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: inbusiness.kz


adimage