Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Дәнді дақылдарды жинау Қазақстан егіс алқаптарының 95,5%-ында аяқталған, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков.
«Әкімдіктердің жедел мәліметтері бойынша, бүгінде дәнді дақылдар жалпы алғанда 14,5 миллион гектар алқаптан немесе жинау алқабының 96,5%-ында жиналған, әр гектардан 12,6 центнерлік орташа өнімділікпен бункерлік салмақта 18,3 миллион тоннаға жуық астық бастырылған», - деді А. Мамытбеков дүйсенбі күні мәжілістегі үкімет сағатында.
Оның айтуынша, майлы дақылдар 64% алқаптан жиналған, көкөністер мен бақша дақылдары, картоп – 99,6%. Көкөніс дақылдары бойынша өнімділік өткен жылғыдан жоғары – гектардан 12,1 центнер, картоп – гектардан 15,9 центнер.
«Жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізу үшін үкімет пен министрлік тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданды», - деп атап өтті министр.
А. Мамытбеков ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер ауа райының қиын жағдайларына қарамастан, «жинау қарқыны бойынша жақсы нәтижелер» көрсеткенін баса айтты.
«Шығындар бұдан да көбірек болуы мүмкін еді. Мысалы, өткен ауа райы қолайлы жағдай болған жылда 17 қарашаға дейін жиын алқабының 99,6%-ы жиналды, яғни айырмасы тым үлкен емес. Бұл біздің ел диқандарының жанкешті еңбектерінің нәтижесі», - деп санайды ол.
Министр астық дақылдарының жалпы жиын көлемі ағымдағы жылы салмақ жағынан жұмыстардың соңынан кейін 17,6 млн тонна деңгейінде болады деп болжануда, бұл экспорттық әлеуетті 7 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50