Асылбек Кәрібаев: ШОБ және «ҚазМұнайГаз» тиімді серіктестігінің келешегі

Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры Асылбек Кәрібаев бүгіндері «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ЖҚС желілері қалай күн көріп жатыр және компания бөлшек сауда сегментінде қандай жобалар мен бизнес-үлгілерді енгізіп жатқаны туралы айтып берді.

- Сіздің «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-ті басқарып отырғаныңызға жарты жыл болды. Қазақстандағы аса ірі ЖҚС желілерін басқару қалай екен?


- Бұл біріншіден мен үшін жаңа бағыттағы қызмет болды. Және кез келген жаңа бағыт секілді өте қызық. Мұның алдындағы тәжірибем, әрине, маған осы жерде көп көмектеседі. Сонымен қатар мен үшін бұл жаңа тағайындау - ол маған деген үлкен сенім, сонымен бірге алдағы өте жауапты қызмет, бірінші кезекте біздің ЖҚС үлкен желісінің тұтынушыларының алдындағы жауапкершілік, желіні мұнай өнімдерімен үзбестен қамтамасыз етіп отыру жауапкершілігі. Біздің ақтық тұтынушылармен қалай жұмыс жасағандарымызға қарап жалпы алғанда «ҚазМұнайГаз» бренді туралы айтады ғой.

- Компания қандай активтерді басқарып отыр?

- Бүгінге «ҚазМұнайГаз» ЖҚС желілері Қазақстандағы ең көбі және ол 321 автомай құю стансаларын, 11 жеке мұнай базасын, көптеген бензотасымалдаушыларды, сондай-ақ осы бизнеске ілеспе нысандарды қамтиды. «ҚазМұнайГаз» ЖҚС-тары тек ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар еліміздің жекелеген аудандарында да бар. Одан басқа, біз франчайзингтің жаңа жобасын бастадық және ол бойынша тағы 4 ЖҚС біздің желімізге қосылды.

- Қараша айында сіздің желіде СODO бағдарламасы басталды. Ол қандай бағдарлама екені туралы айтпас па екенсіз?


- «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС СODO жобасын іске қосты, ол дегеніңіз франчайзинг сұлбасы бойынша «Компания иеленеді – дилер басқарады» дегенді білдіреді де, танымал және көп тараған ҚМГ брендімен ынтымақтасуға жекелеген автомай құйғыш стансалар мен шағын ғана жеке меншік ЖҚС-тар да шақырылады. Негізгі мақсаты ЖҚС иелеріне «ҚазМұнайГаз» брендімен жұмыс жасауға мүмкіндік беру, ал ол нақты ақша мен нақты ақшасыз есептесу арқылы ЖҚС-та тауарлар мен отын сату көлемін арттыра отырып клиенттерді тартуға кең мүмкіндік, жеткізілімге және мұнай өнімдеріне деген сенімді сапаға кепілдік береді. Яғни өзіңіздің жеке меншіктегі ЖҚС-ты тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.
Ол бағдарлама шағын бизнеске артықшылық беруден басқа республика үшін жалпы алғанда оң факторы бар, оның ішінде көлеңкелік айналымды төмендетіп, жол бойындағы сервис пен мұнай өнімдерінің сапасын жақсартып, салық жинауды арттырады.


- 2016 жылғы компания жұмысының нәтижелері қандай?


- 2016 жылы біз сату көлемін 2015 жылғы осындай аралықпен салыстырғанда 8%-ға арттырдық. Сондай-ақ компания шығындарын 6%-ға оңтайландырдық, трансформациялау бағдарламасының қорытындысы бойынша (CODO бағдарламасы) ол - 4% болды.
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС жыл сайын көктемгі егістік науқаны мен астық жинау науқаны кезінде отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін субсидияланған дизель отынын жеткізуші операторы болады.
Қорытындысында біз бағада әлеуметтік саясатты ұстанғанымызбен, оң экономикалық нәтижелерге қол жеткіздік.
2016 жылы біз біздің тұтынушыларымызға жаңа «ҚазМұнайГаз Клуб» бағдарламасын ұсындық, ол бойынша біздің тұрақты клиенттеріміз мұнай өнімдерін жеңілдікпен сатып ала алады. Біздің баға қалыптастыру саясаты мен қосымша жеңілдіктерді ескергенде аталған ұсынысты клиенттер оң қабылдады. Бағдарламада 80 мыңнан асатын тұрақты қатысушыларымыз бар. Аталған бағдарламаны қолдау аясында үнемі арнайы акциялар мен құнды сыйлықтар ұтысы өткізіліп тұрады. Жақында біз 3 жол таңдамайтын автокөлік пен 21 мың лит бензин ұтысын қоя отырып, акция өткіздік. Ұтысқа 30 мыңдай адам қатысты.
Клуб карталарының иелері үшін компания қалауынша бонустық жеңілдіктер қарастырылыған - туылған күніне, мерекелерге, локальдық, сыйлықтар түріндегі, отын және т.б. түріндегі.
Біз клиенттерді тарту және ұстап қалудың тиімді әдістерін үнемі іздестіріп келеміз. Біз ынталандыратын әртүрлі акциялардың санын арттырдық.
2016 жылғы наурыз айында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖҚС Fortebank-пен бірге клиенттерге тиімді ұсыныстар ұсындық. ForteCard карточкалары барлар «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖҚС-терінде отын үшін есептескенде төленген сомадан 5% мөлшеріндегі көтеріңкі CashBack (карточкаға қаражатты қайтару) алады.
Сол секілді акция «Қазақстан халық банкі» АҚ-мен де басталды. Олардың Mastercard HalykBank карточкаларымен есептескенде барлық «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖҚС-терінде 3% мөлшеріндегі бонус есептелінеді.
Мысалы, «ҚазМұнайГаз Клуб» бағдарламасы арқасында және серіктестермен бірлескен акциялармен біз әркез клиенттерге ең жақсы бағаны ұсына аламыз.
Компанияның өзінің тұтынушылармен белсенді жұмыс атқарып отырғанын айтқым келеді. Жыл сайын компания дөңгелек үстелдер ұйымдастырады, онда пікір алмасу болып, өндіріс мәселелері мен отын сапасы талқыланады. Мысалы, ағымдағы жылғы шілдеде біз «ҚазМұнайГаз» нысандарындағы мұнай өнімдерінің сапасын сақтау және қадағалау» тақырыбындағы көшпелі семинар-кеңес өткізіп, онда автодилерлік желілер, меморгандар өкілдері мен журналистерге біздің нысандардағы мұнай өнімдерінің сапасының сақталуына бақылаудың қалай жүргізілетінін көрсеттік.
Сондай-ақ біз биыл «Шелковый путь-2016» («Жібек жолы – 2016») ралли-марафоны, «Слава Победителям!» («Жеңімпаздар даңқы!») автошеру, автомобильдерге тест-драйв т.б. шараларын өткізуге септігімізді тигіздік. Әлеуметтік, балалардың мектепке дейінгі тәрбиесі, спорт салаларындағы әр түрлі мекемелерді қолдау да назардан тыс қалмады. Мысалы, ҚР тәуелсіздігінің қарсаңында халықтың мұқтаж бөлігін әлеуметтік қолдау бойынша «25 игі іс» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Осы жерде ол көмектер «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС қызметкерлерінің ерікті түрде жасаған садақаларының есебінен жүргізіліп отырғанын айтқым келеді.

Егер отын сапасы мен сервис деңгейі туралы айтар болсақ, бір ғана дерек келтірейін. Қазақстандық тұтынушылар міне осымен соңғы алты жыл қатарынан «Қазақстанда №1 жыл таңдауы» ұлттық жобасында өз дауыстарын «ҚазМұнайГаз» ЖҚС желісіне беруде. Біз өз тұтынушыларымызға білдірген сенімдері үшін алғыс айтамыз. Және өз тарапымыздан ең үздік сервис пен сапалы өнім ұсынуға уәде береміз.

- Былтыр сіздің желіде CODO бағдарламасы іске қосылды. Айтыңызшы, жоба қалай жүзеге асып жатыр? Бүгінде қанша ЖҚС әріптестерге берілді? Осы бағдарлама жұмысының нәтижесіне көңіліңіз тола ма?

- CODO бағдарламасын, бұл дегеніңіз «Компания иелік етеді – дилер басқарады» дегенді білдіреді, біз 2015 жылдың шілдесінде іске қостық. Бұл Қазақстандағы ең ірі алғашқы жоба, яғни ірі бизнес негізгі бизнес-процестердің бірі – тұрғындарға мұнай өнімдерін сатуды- аутсорсингке беру. Бағдарламаның міндеттері көп. Ол республика өңірлеріндегі шағын бизнесті қолдауға бағытталған және экономиканың тиімді жеке секторын қалыптастыруға, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытуға ықпал етеді.
Жоба аясында біз жеке басқаруға жоспарлағанымыздай ҚМГ желісінің жартысына жуық ЖҚС-тарын бердік. Бүгінгі таңда еліміздің түрлі өңірлерінде 110 кәсіпкер «ҚазМұнайГаздың» 150 ЖҚС-ын табысты басқарып жатыр.
Жобаның оң қырлары қазірдің өзінде көрініп жатыр: отын сатылымы көлемінің артуы, шығындардың қысқаруы түріндегі оң экономикалық әсер, қызмет көрсету сапасының артуы.
Бұл әріптестеріміз бен біздің компанияның ортақ еңбегі, біздің компания әріптестігіміздің жемісті болуына бар күшін салып келеді. Екі тарап та – ұлттық компания және бизнес – мұнай өнімдері сатылымының көлемін ары қарай арттыруға мүдделі. Біз басқаруға берілген мүлікке адалдықты, «ҚазМұнайГаз» брендіне деген сыйластықты, мұнай өнімдері сапасының сақталуын, қызмет көрсетудің тиісті сапаға сәйкес болуын, корпоративті стандарттардың сақталуын күтеміз.
Әрине, әріптестердің өз міндеттерін адал орындамауларына қатысты белгілі бір қиындықтар да туындап жатты. Әр жағдайға біз объективті келуге тырыстық, десек те, өкінішке орай, 8 әріптесіміз бізбен жұмыс жасауын тоқтатты. Олардың орнына жұмыс жасап жатқан әріптестеріміз секілді, тендер қорытындысы бойынша анықталған жаңаларын тарттық.

- Сіздің объектіде мұнай өнімдерінің сапасын бақылау қалай қамтамасыз етіледі?

- Тұтынушыларға сапалы тауарлар мен қызметтерді ұсыну «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС қызметінің стратегиялық бағыты болып табылады. Өте жоғары техникалық мүмкіндіктер мұнай базасында отынды қабылдаудан бастап оны ЖҚС-қа жіберуге дейінгі аралықтағы отын қозғалысының барлық кезеңіне үнемі бақылау жасалатынын білдіреді.
Сақтау және сату объектілерінде отын сапасының сақталуы мен сапасының қамтамасыз етілуі үшін компанияда Астана, Алматы және Атырау қалаларында үш сынама зертханалар жұмыс жасауда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік аккредиттеу жүйесінде МемСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкестігіне аккредиттелген. Олар техникалық бақылаудың бірыңғай жүйесімен жабдықталған, ол Кеден одағының техникалық регламентімен өнімнің нормативті құжаттамасы талаптарына мұнай өнімдерінің барлық сапалы параметрлерінің сәйкестігін қадағалауға мүмкіндік береді, және басқа мекемелерге мұнай өнімдерін сынауды жүргізу бойынша қызмет көрсете алады.
Мұнай өнімдерінің сапасын бақылау процесіне тек зертхана қызметкерлері ғана емес, өндірістік филиалдар қызметкерлері де жұмылдырылған.
Жоғарыда көрсетілген мұнай өнімдерін бақылау жүйесі, сондай-ақ өндірістік бөлімшелердің мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау, тасымалдау және жіберу технологиясының сақталуы бойынша жүргізген жұмыстары ақырғы тұтынушы үшін отын сапасындағы зауыт параметрлерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

- Өзінің қатысымын Қазақстанда кеңейту мәселесінде компанияның стратегиясы қандай? Алдағы жылдарға компанияның даму жоспарлары қандай?

- Жақын болашақта компанияның стратегиялық жоспарында франчайзинг схемасы бойынша мемлекеттік-жеке әріптестік жолымен өзінің қатысымын кеңейту жоспарлануда. Дамудың негізгі құралы ретінде франчайзингке компания зор үміт артып отыр, келесі жылы сол арқылы ҚМГ желісін 25 жанар май құю стансасына дейін өсіру жоспарлануда.
Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама аясында «ҚазМұнайГаз» брендімен Қостанайда 3 және Приозерскіде 1 жанар май құю стансасы ашылды. Сондай-ақ жақын күндері Оңтүстік Қазақстан облысында франчайзинг желісін кеңейту жоспарлануда. Бұл екі өңірде біздің жұмысымыз әлсіз жүрген еді, сондықтан оны дамыту біздің басты мақсатымыз болатын.
Жалпы компания қарқынды даму мен инновация жолында келе жатыр, атап айтқанда біз ЖҚС-та барынша заманауи төлем жүйесін пайдалануға ниеттіміз. Мұнай өнімдерін сату нарығы заманауи онлайн-технологияларды пайдалануға баяғыда-ақ жарамды болған. Ескі жүйе клиенттердің де, ЖҚС иелерінің де заманауи қажеттіліктерін қанағаттандырмайды.
Төлем жасаудың жаңа электронды тәсіліне көшу клиенттер үшін жаңа қызметтерді дамытуға үлен мүмкіндіктер алаңын ашады: отынға арналған тиімді жеңілдіктер жүйесі, қаржының барынша үнемделуі, арнайы акциялар мен ұтыстарға қатысу.
Сонымен, бүгінгі таңда отын үшін төлем жасаудың ең танымал және тиімді электронды тәсілдерінің бірі отын карталары, ол қағаз талондарды ығыстырып шығарып, қолма-қолсыз есеп айырысудың барынша жетілген құралы болуда. Қағаз талонның кемшілігі оның мақсатсыз қолданылуы, шығындарды қадағалаудың болмауы, бухгалтерлік есептің қиындауы.
Осылайша, 2017 жылдың қаңтарынан бастап біз қағаз талондарды қолданудан бас тартып жатырмыз.
«ҚазМұнайГаз» ЖҚС клиенттерге ЖҚС-тарда отын карталары арқылы қызмет көрсетуді көптен бері тиімді пайдаланып келеді. Компанияда отын карталары бойынша сату көлемінің үлесі сөзсіз артуда.
Мұнай өнімдерін картада сақтау ақшалай да, отын әмияндарында да жүзеге асырылады. Картаның басымдығы – оны ҚР барлық ауағында қолдана алу.
Сонымен қатар, біз дүкендердің жаңа форматын іске қосуды жоспарлап жатырмыз, олар озық батыс стандарттарына сәйкестендірілген болады, осы салаға мамандар шақырамыз. Биыл біз пилоттық жоба аясында ЖҚС-тардың осындай 20 дүкенін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ары қарай аталмыш жобаны барлық желі аясында енгізу жоспарлануда.

adimage