Асылов бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Берік Асылов Қазақстанның бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Асылов соңғы жылдары Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры қызметін атқарған.

adimage