Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа көңіл айтты

Алматы. 6 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айтты.
«Д.Трампқа көптеген жазықсыз жанның өмірін алып кеткен қайғылы жағдайға орай көңіл айту хатын жолдадым. Осынау АҚШ үшін қиын сәтте Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысын бөліседі. Президент мырза, Сізге қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын», - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
Еске салсақ, Техастағы Эль-Пасо қаласында болған жаппай атыстан 20 адам мерт болып, 26-сы жарақат алды, олардың көбінің жағдайы ауыр. Қазір ауруханада жатыр.

adimage