Қасымбек Тоқаевқа Астананы сумен қамту жағдайы туралы баяндады

   Астана.7 маусым.ҚазТАГ- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 маусым күні елорданы сумен қамтамасыз ету жағдайы туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады, деп хабарлады Ақорда.
   "Әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылды", – делінген сәрсенбі күнгі хабарламада. Ақорда хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент әкімшілігінің бақылауында болады.

adimage