Қасымов МКҚ бастығы қызметінен босатылды

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты мемлекеттік күзет қызметі бастығы қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Қасымов 2020 жылдың қаңтарында МКҚ басқарды, оған дейін 2019 жылдың желтоқсанынан бері президент көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, оның алдында 2011 жылдың сәуірінен бастап ішкі істер министрі болған еді.
Еске салсақ, 19 шілдеде бүкіл әлем бойынша журналистер мен құқыққорғаушылардың 50 мыңнан астам нөмірі олардың мобильді құрылғыларына израильдік шпиондық Pegasus БҚ енгізу арқылы үкіметтердің бақылауына алынғаны белгілі болды. Бақылауға алынған нысандар қатарында Қазақстанның да журналистері, қоғамдық белсенділері мен құқыққорғаушылары бар болып шықты. Сондақ-ақ, еліміздің саяси зиялылары – президент Қасым-жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, бұдан бөлек тұңғыш президенттің штаттан тыс көмекшісі Ахметжан Есімов пен олигарх Кеңес Ракишев те бар. Бұл жағдай БҰҰ тарапынан сынға ұшырады – БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Мишель Бачелет тиісті мәлімдеме жасады. Pegasus бағдарламасын әзірлеген NSO Group өзіне тағылған айыпты теріске шығаруда.
21 шілдеде сарапшылар тобы Pegasus шпиондық бағдарламалық қамтымның қанша тұратынын және одан қалай қорғануға болатынын айтты.
Сонымен қатар 21 шілдеде Қазақстан Журналистер одағы мен «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры журналистерге қарсы Pegasus шпиондық бағдарламасын қолдануға қатысты тергеу амалдарын жүргізуді талап етті.
23 шілдеде белгілі болғандай, Израиль Pegasus БҚ арқылы адамдардың ізін аңдуға қатысты шуды тексеру үшін комиссия құрды.
25 шілдеде МКҚ ҚазТАГ агенттігінің сауалына Pegasus бағдарламасына қатысты БАҚ-та жарияланған материалдан басқа ақпаратты білмейтінін айтты.

adimage