Алматы. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – Ата-анасының қаржылық проблемасы үшін түрік ауруханасында қалған қазақстандық нәресте еліне оралады, деп хабарлады «Евразия бірінші арнасынан».
«Бүгін күндіз маған қайырымды адамдар $20 мың алып келді, қызымызды алып келу үшін. Билет сатып алып берді, біз ертең ертеңгісін Түркияға қызымызды алып келу үшін ұшамыз. Егер сыртқы істер министрлігі (ҚР – ҚазТАГ) бізге осындай көмек көрсетпесе, барлығы жаман аяқталған болар еді. Біздің қызымызды балалар үйіне беріп жіберер еді, сонымен ол Түркия азаматы болар еді»,- деді Дарья Васильева.
Бұған дейін хабарланғандай, жаңа туылған сәби туа сала түскен ауруханасында «кепілге» алынды. Ата-анасы аурухана қызметі үшін керек қаржысын төлей алмаған. Олар ақша жинап келу үшін баласын тастап елге оралған еді. Түркияға жас жұбайлар демалуға барған. Жолдаманы туыстары алып берген. Дарья Васильева жүктіліктің алтыншы айында болған. Үшінші күні толғағы басталған. Май құю бекетінде күйеуі босандырып алып, ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер өз қызметі үшін $3,5 мың сұраған. Жас отбасында ондай ақша болмаған. Олар достарынан және сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған. Нәтижесінде жиналған қаржы $20 мыңға дейін жеткен.
Ата-анасының қарызы үшін түрік ауруханасында қалған қазақстандық нәресте еліне оралады
