Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлады ҚырТАГ агенттігінен.
«7 қарашада Қырғыз Республикасының президенті А. Атамбаев Қазақстан Республикасы президенті Н. Назарбаевтың шақыртуымен мемлекеттік сапармен Қазақстан Республикасына келді», - делінген жұма күнгі ҚР президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.
Сапар барысында А. Атамбаев Қазақстан президенті Н. Назарбаевпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кездеседі.
Елбасының төрағалығымен Қырғызстан мен Қазақстанның Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің 4-ші отырысы өтеді.
Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Қатысты сілтемелер
-
Египет Қазақстанға өзара визасыз режим енгізуде қызығушылық танытып отыр26 Мамыр 2023, 18:32
-
Тоқаев Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілімен кездесті26 Мамыр 2023, 18:19
-
Автокөлікпен қарақұйрықтың ұшасын заңсыз тасымалдаған екі қала тұрғыны құрықталды26 Мамыр 2023, 18:07
-
Биыл Қазақстанда туристердің саны 9 млн-ға дейін жетеді деп күтілуде26 Мамыр 2023, 17:45