Атамбаевтың жұбайына қатысты қылмыстық іс қозғалған

Күні: 18:10, 16-08-2019.

Алматы. 16 тамыз. ҚазТАГ – Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың жұбайы Раиса Атамбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігі (ҚырТАГ).
«Қазір мен Арабаевтың (президент аппаратының сот реформасы және заңдылық бөлімінің бұрынғы меңгерушісі Манас – ҚазТАГ) ісіне қатысты бүгіннен бастап маған қылмыстық іс ашылғанын білдім. Айтайын дегенім, мен ешқашан соттардың ісіне араласқан емеспін, мен саясаттың лас іс екенін білетінмін, және оған ешқашан араласпауға тырыстым. Мен тіпті бір сотты да танымаймын», - деп келтірген «Азаттық Радиосы» Атамбаеваның жұма күні журналистерге жасаған мәлімдемесін.
Бас прокуратура «Азаттыққа» ақпаратты растады. Атап өтілгендей, іс материалдары тіркелген.
Атап өтелік, Манас Арабаев 2 маусымда ұсталды. Оған қатысты «сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша іс қозғалды. МҰҚК ақпарынша, ол шетелдік инвесторлардың кәсіпкерлік нысандарын тартып алумен айналысқан жекелеген қылмыстық топтардың мүдделері үшін лауазымын асыра пайдаланған деп күдіктелуде.
2 шілдеде «Ала-Тоо 24» телеарнасының эфирінде бұрынғы президенттің жұбайы Раиса Атамбаеваның шетелдік инвесторлардың мүлкін тартып алуға қатысы бары хабарланды. Сюжетте Манас Арабаев құқыққорғау органдарына соған сәйкес түсінік берген.
5 шілдеде Манас Арабаев үй қамағына босатылды. Бұлтартпас шарасын Бішкектің Первомай аудандық соты өзгерткен.


Жаңалықтармен бөлісу: