«Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары ауысты

Күні: 18:22, 05-04-2019.

Алматы. 5 сәуір. ҚазТАГ – «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары ауысты, деп хабарлады ҰКП сайтынан.
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының шешімімен Алёна Романова Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды... «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымында болған Юлия Якупбаева басқа жұмысқа ауысуы себепті қызметтен босатылды», - делінген хабарда.
Романова жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Канцелариясында Аналитикалық және жобаларды жетелеу әдістемелік орталығының жетекшісі лауазымында болған.
«Кәсіби қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық зерттеулер институтында экономикалық талдау саласынан бастаған. Жағдаяттық талдау және Дүниежүзілік экономика бөлімдерін басқарған. 2014-2018 жылдар аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП Экономика департаментінің директоры, Қаржы Хатшылығы секторы басшысы қызметін атқарған», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: