«Атамекен» ҰКП басқармасының төрағасы өзгерді

Күні: 12:40, 25-02-2019.

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары болып Лаззат Рамазанова, делінген ҚР ҰКП сайтында.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының шешімімен Лаззат Рамазанова ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды», - делінген хабарда.
Л. Рамазанова 2017 жылдан бастап Ұлттық олимпиада комитеті президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болған.
2013 жылдан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы хатшылығының басшысы, 2015 жылдан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы болған.
Қазіргі таңда ҚР ҰКП басқармасының құрамына мыналар кіреді: төрағасы Аблай Мырзахметов; төраға орынбасары Қуаныш Бішімов, Эльдар Жұмағазиев, Рустам Жүрсінов, Олжас Ордабаев және Юлия Якупбаева.


Жаңалықтармен бөлісу: