Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудың өзгерген талаптары Қазақстанда 1 сәуірден бастап күшіне енеді

Күні: 16:12, 29-03-2019.

Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ – Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудың өзгерген талаптары Қазақстанда 1 сәуірден бастап күшіне енеді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Егер қазіргі таңда кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% деңгейінде айқындалып, 14 849 теңгені (шамамен 40 доллар) құрап отырса, Елбасы тапсырмасы бойынша кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50%-дан 70%-ға дейін көтеріледі және 20 789 теңгені құрайтын болады.Ол 1 сәуірден бастап күшіне енеді», - деді жұма күні халықты әлеуметтік қорғау және еңбек вице-министрі Светлана Жақыпова.
Ол осылайша, атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін критерий 1 сәуірден бастап өмір сүру деңгейі жоғары болғандықтан, атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі жоғарылайтын Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысынан басқа барлық өңірлерде 20789 теңгеге дейін арттырылатын болатынын атап өтті..
«Бұдан басқа, аталған заң жобасымен осы қызметті көрсету процедурасын оңтайландыру да қарастырылып отыр. Вице-министрдің айтуынша, ескі ережелер бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы өтінішке қосып бірқатар құжаттар мен анықтамаларды: жеке басын куәландыратын куәлікті, банк есепшотының нөмірі туралы мәліметтерді, баланың туу туралы куәлігін, неке қиюды тіркеу туралы куәлікті және т.б. тапсыру керек болатын. 2019 жылғы 1 шілдеден бастап бұл рәсім жеңілдетіледі: тек азаматтың жеке куәлігі мен өтініші керек болады», - деді еңбек министрлігі басшысының орынбасары.
Вице-министр атап өткендей, Жаңа ереже бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері өтінім берушіден қосымша анықтамалар сұрамайтын болады, оны тек ақпараттық жүйелерді деректер болмаған жағдайда сұрай алады.
«Қоғамда аталған төлемді алуға құқылы екеніңді дәлелдеу үшін көптеген құжаттар жинау керектігі туралы мәселе ылғи көтерілетінін аңғардық. Сондықтан қазір заң жобасында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен құжаттардың электронды көшірмелерін жинау қарастырылып жатыр. Тиісінше, отбасына сәйкестендіру үшін жеке куәлігін және өтінішін тапсыру жеткілікті», - деді спикер.
Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тұңғыш Президент – Елбасының республикалық бюджеттен отбасының жиынтық табысын есептеу үшін қабылданған бірқатар төлемдерін алып тастау бойынша тағы бір тапсырмасын пысықтады. Олардың ішінде — көп балалы отбасыға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқа»-мен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы, мүгедек балаға төленетін жәрдемақы мен шәкіртақылар бар.
«С. Жақыпова атап өткендей, жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтер балалары бар барлық отбасылар үшін қолжетімді болуы тиіс. Мысалы, егер отбасы қиын жағдайға тап болса және олардың табысы 20789 теңгеден төмен болса, онда атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетіні түсінікті. Ал егер табысы 20789 теңгеден артық, бірақ көп балалы отбасы болса және оған да әлеуметтік көмек қажет болса, онда бұл отбасының қоғамдық көлікте балалардың тегін жүруін қамтамасыз ету, 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін тегін тамақтандыру, мектеп формасын алуда қолдау көрсету, мектепке дейінгі білім ұйымдарында орынмен қамтамасыз етуде басымдықпен құқық беру сияқты қызметтерді алуға құқылы болуы керек», - деді Жақыпова.
Ол мәлімдегендей, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірыңғай әлеуметтік пакетті әзірледі, ол барлық өңірлерде бірдей деңгейде кепілдендірілуі тиіс. Мысалы, азаматтардың жекелеген санаттары үшін тегін жол жүру тек Астана қаласында қарастырылған. .
«Бұл жеңілдік басқа қалаларда да жасалуы үшін ЕХӘҚМ көрсетілетін қызметтерді бюджеттендіру және көлемі мәселелерін қайта қарастыруды жоспарлап отыр», - деді вице-министр.


Жаңалықтармен бөлісу: