«Атажұрт еріктілері» қозғалысының жетекшісі Серікжан Біләшке қатысты сот 29 шілдеде Нұр-Сұлтанда болады

Күні: 11:21, 25-07-2019.

Алматы. 25 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. «Атажұрт еріктілері» қозғалысының жетекшісі Серікжан Біләшке қатысты сот 29 шілдеде Нұр-Сұлтанда болады, деп хабарлады адвокаты Айман Омарова.
«Айыптау актісін 19 шілдеде Нұр-Сұлтан прокурорының орынбасары Өтегенов бекітті. Бұл дегеніңіз ол істі сотқа жіберді дегенді білдіреді. Мен Нұр-Сұлтандағы №2 Алматы аудандық соты істі 29 шілдеде сағат 11.30-да қарайды деген хабарлама алдым», - деді Омарова бейсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне.
Бұл ретте ол оған қай бап бойынша айып тағылғанын да нақтылай кетті.
«Алдымен іс ҚР ҚК 174 б. 1 б. бойынша (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) тіркелді. Кейін құқыққорғау органдары 2 б. деп белгіледі, яғни ол ұйым жетекшісі және т.б. Алайда ақыры айыптау актісін 174 б. 1 б. бойынша бекітті», - деп түсіндірді адвокат.
Оның айтуынша, Біләштің әрекетінде қылмыс құрамы жоқ.
«Мен онда қылмыс құрамы жоқ деп санаймын, себебі ол Қытайдағы түзету лагерлеріндегі қазақ, ұйғыр және қырғыздарды кемсітушілікке қарсы ақпараттық джихад жасаймын деді. Кінәсәнің дәлелеі – сараптама және куәгерлер деп аталғандар, олардың арасында қалай екені белгісіз Мұхтар Шаханов та жүр, олар осы сөздер алауыздықты қоздырады деп санайды», - деді Омарова.
Сонымен қатар, ол хабарлағандай, олар сот процесіне дайындалуға қосымша уақыт сұрайтын болады.
«29-на (шілде – ҚазТАГ) мен барамын да тағы уақыт берулерін сұраймын, себебі дайындалуға уақыт өте аз болды. Айыптау қорытындысының көшірмесін біз енді ғана алдық», - деді Омарова.
Еске салсақ, Біләш 10 наурызда Алматы қонақүйлерінің бірінде ұсталды және қазір үй қамағында отыр. Тергеу «Атажұрт еріктілері» қозғалысының лидеріне «әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған әдейі әрекеттерді жасау» айыбы тағылуда. Саяси-белсенді Синьцзяндағы этникалық қазақтарға қатысты қытайлық билікті сынға алуымен таныс. Ал «Атажұрт еріктілері» ұйымының өзі әлі күнге дейін мемлекеттік тіркеу ала алмай жатыр.
12 шілдеде 10 шақты белсенді – 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасына қатысушылар - Алматыда Желтоқсан мен Сәтпаев көшелеріің қиылысындағы «Желтоқсан» ескерткішіне жиналып, Қытайдағы этникалық қазақтардың құқықығын қорғайтын «Атажұрт еріктілері» ұйымының лидерін тез арада босатуды талап етуде. Ол үй қамағында отырған еді. Пикетке шығушылар Біләшқа қатысты ізіне түсу амалдарын тоқтатуды талап етуде. Сонымен қатар, пикетке қатысушылар Еуропалық парламент саяси сотталғандар деп таныған Арон Атабекті, Макс Боқаевты және басқа да белгілі қазақстандықтарды да еске салған. Таңқаларлығы, оқиға орнында бірде-бір полицей жоқ, ал пикет бейбіт және тыныш түрде өтіп жатыр. Сондай-ақ, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің белсенділері демократиялық елдерге «қазақ мемлекетін жемқорлықтан құтқаруға көмектесуге» шақырды.


Жаңалықтармен бөлісу: