Атбасарда алабайдың шабуылынан аяғынан айырылған зардап шегуші ит иелеріне қарсы сотта жеңді

Көкшетау. 19 тамыз. ҚазТАГ – Ақмола облысы Атбасар ауданында алабайдың шабуылынан аяғынан айырылған зардап шегуші ит иелеріне қарсы сотта жеңді, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының шешімімен «Е» деген азаматшаның жауапкерлер «Г» және «Ч» деген азаматтарға қарсы денсаулығына келтірілген залалды өтеу және моралдық шығын өндіру туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот ынтымақты түрде «Г» және «Ч» есімді азаматтардан Т354 914 көлемінде материалдық шығын және Т85 131 көлемінде айырылған жалақысын, Т5 млн көлемінде моралдық шығын және өкілінің көмегіне төлем жасау шығындарын өндіруге үкім шығарды», - деп хабарлады жұма күні соттан.
Сотта белгілі болғандай, «Е» есімді азаматшаны Атбасар қаласында жұмысқа бара жатқан жолда алабай тұқымды ит қауып алады, соның салдарынан оның денсаулығына ауыр зиян келеді.
Атбасар аудандық полиция бөлімі иттің иесі «Ч»-ге айыппұл түрінде әкімшілік өндіріп алу белгіліне отырып, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырады.
«Ит қауып алған «Е» стационарлық ем алады, оған ары қарай емделу және протез салу керек болады. Емдеу барысында ол мүгедектер арбасын, дәрі-дәрмек және басқа да қажеттеліктерді сатып алуға шығындалады. «Е» жалпы жұмысқа жарамсыз болып қалады, сол жақ аяғына тізесінен төмен қарай ампутация жасалады. Ал «Ч» мен «Г»-де иттің құжаттары жоқ болып шықты. Алабай тұқымына жататын ит «Ч»-ге тиесілі. Жауапкерлер «Ч» мен «Г»-нің итке қатысты жауапкершіліктері бірдей, себебі олар итті бірге тұрған кездерінде сатып алған, итке бірге күтім жасаған», - деп нақтылады сотта.
Сот шешімі күшіне енген жоқ.

adimage