Атбасардағы өрттен екі ересек адам мен бала ажал құшты

Көкшетау. 12 ақпан. ҚазТАГ – Атбасарда шыққан өрттен екі ересек адам мен бала ажал құшты, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
«Ақпанның 11-де кешкілік уақыт 21:54-те Атбасар қаласындағы 4-ші өрт сөндіру құтқару бөліміне Покровка селолық округінің әкімі хабарласып, ауылдағы тұрғын үйде өрт болғанын айтқан. Сағат 21.55-те оқиға орнына Атбасар қаласындағы 4-ші өрт сөндіру құтқару бөлімінің жеке құрамынан 8 адам және 2 Өрт сөндіру техникасы жөнелтілді. Сағат 22.30-да оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаудың 150 шаршы метр аумақты шарпығанын анықтады. Өртті сөндіру кезінде Өртенген пәтердің ішінен шамамен 1973 жəне 1978 жылғы екі ересек пен 2016 жылғы баланың мүрдесі табылды» - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Департаментте нақтыланғандай, өрт 23.28-де ауыздықталып, 00.20-да толық сөндірілген.
«Өрт себебі анықталуда. Өрт дерегі бойынша «ӨСжАҚҚ» ММ департаментінің өрт сынағы зертханасының өрт-техникалық зерттеу тағайындалған», - делінген хабарда.

adimage