Қатты бұрқасын салдарынан Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық жол жабылды

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Қатты бұрқасын салдарынан Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық жол жабылды, деп хабарлады елорданың ТЖД баспасөз қызметінен.
«Қала аумағында 19 ақпанда күн бұлтты, кейде қар жауады, бұрқасын және көктайғақ болады. Ауа райының қолайсыздығынан елорда тұрғындары мен қонақтарын барынша абай болуды сұраймыз (…). Бүгін, 19 ақпанда, ауа температурасы түнде -6-8, күндіз 0-2, оңтүстік-батыстан екпіні 23 м/с жел соғады. Қаладан барлық бағытқа шығатын көлік жолдары жабылды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Қазіргі таңда ТЖД жедел штабы құрылды.
«Қауырт желі ашылды – 24-51-71, 24-51-47, 24-52-12. ТЖД қала сыртына шығудан бас тартуға және қырағы болуды, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты мұқият қадағалауды ұсынамыз», - деді елордалық құтқарушылар.

adimage