Қатты жел салдарынан Атырау және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 10:45, 02-07-2019.

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Қатты жел салдарынан Атырау және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«2 шілдеде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Атырау қ.: күндіз 2 шілдеде солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, 2 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
«Қызылорда қ.: 2 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-100%.


Жаңалықтармен бөлісу: