Қатты жел салдарынан Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – Қатты жел салдарынан Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Казгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«4 мамырда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 4 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 4 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 4 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 4 мамырда күндіз шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
4 мамырда Қостанай облысының тәңертең және күндіз оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 4 мамырда тәңертең және күндіз оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage