Қатты желдің күтілуіне орай Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 17:07, 27-12-2018.

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Қатты желдің күтілуіне орай Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауып, кей жерлерде оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа ауысқан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 28 желтоқсанда жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 18 м/с дейін күшейеді, қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, 28 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 28 желтоқсанда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
28-30 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел, көктайғақ күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: