Атырауға комиссия сәби өлімі ісін тергеу басталғанға дейін шығып кетті – Біртанов

Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Азиза Жамалиева/Әмір Қасенов. Атырау облыстық перинаталдық орталығына комиссия сәби өлімі ісін тергеу басталғанға дейін шығып кетті, деп мәлім етті Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
«Комиссия жоспарлы түрде жұмыс жасап жатыр. Тамыз айында Атырауда біз құжаттарды қарап, жағдайды зерделедік, сосын ол жаққа комиссия жібердік – дәрігерлерді ұстауға қатысты жағдай басталғанға дейін біздің мамандар ол жақта жұмыс жасап жатты», - деп мәлімдеді дүйсенбіде үкімет кулуарында журналистердің сауалына жауап берген Біртанов.
Дегенмен ол дәрігерлердің ұсталуына қатысты жағдайға түсінік беруден бас тартты.
«Бұл жерде мәселе адам өлімі айыбын тағуда болып отыр. Сондықтан бұл жерде алдын-ала түсінік беру қиын», - деді министр.
Бұған дейін белгілі болғандай, Атырау облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері жаңа туылған шақалақты өлтірді деген күдікке ілінген еді. 4 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінен хабарлағандай, жаңа туылған сәби дәрігерлердің немқұрайлығынан өлі туылды деп рәсімделген, бірақ ол тірі болған. Бала жыбырлаған кезде, сыбайлас жемқорлық қызметкерлерінің айтуынша, оны аман алып қалу шараларын шұғыл түрде қолданудың орнына дәрігерлер толтырылған құжатқа сәйкес әрекет етуді дұрыс санап, нәрестені тоңазытқышта қалдырған.
Бір күн бұрын – 3 қазанда белгілі болғандай, «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ РМК басшысына қатысты Атырау облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Белгілі болғандай, екі ай ішінде Атырау перзентханасында 40-тан астам шақалақ шетінеп кеткен.
Еске салсақ, 6 тамызда ҚазТАГ ХАА Атырау облысы прокуратурасына сілтеме жасай отырып, 2019 жылдың басынан бастап Атырау облыстық перинаталдық орталығында туа сала шетінеп кеткен 56 бала тіркелген. 9 қаңтарда агенттік 2018 жылы сол перзентханада 100-ден астам шақалақ шетінегенін айтқан еді.
7 қазанда жағдайға түсінік берген Біртанов бір жылда 2,5 мыңдай сәби өлімі тіркелгенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда 2200 жағдай. Өлім жағдайының көптігі Көкшетау, Қызылорда және Алматы облыстарында тіркелген. Бұл облыстардағы көрсеткіш Атыраудан екі есе жоғары», - деді дүйсенбіде үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Біртанов.
Сондай-ақ, белгілі болғандай, екі ай ішінде Атырау перзентханасында 40-тан аса нәрестенің шетінеп кету жағдайы тіркелген.


adimage