Атырау. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Атырау қаласы маңында жеке тұрғын үйде үш адамның денесі табылды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«10 желтоқсан күні кешкісін Атырау қаласы маңындағы жеке тұрғын үйде үш адамның денесі табылды. Екі ер адам мен әйелдің. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 306 бабы 3 бөлімі (қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, оның адам өліміне әкеліп соғуы) бойынша сотқа дейін тергеу амалдары басталды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Өңірдегі ТЖД ақпары бойынша, мәйіттер сараптамаға жіберілген. Адамдардың неден өлгені әзірге белгісіз. Алдын-ала белгілі болғаны улы немесе табиғи газдан улану белгілері жоқ.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34