Атырау-Астрахань тас жолын қайта жөндеу жұмыстарына шамамен Т18 млрд бөлінді

Атырау. 12 қыркүйек. ҚазТАГ – Атырау-Астрахань тас жолының 60 км қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге шамамен Т18 млрд бөлінді, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«290 шақырымдық «астрахандық» тас жолдың 60 шақырымына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен шамамен Т18 млрд бөлінді», - делінген «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарында.  
Сондай-ақ, АҚ ақпарынша, қайта жөндеу жұмыстарымен түріктің  Sine Medas Stroy компаниясы айналысады. Жұмыстар екі кезеңнен тұрады. Қайта жөндеу жұмыстарына кететін  уақыт 3 жылдан астам. Котяевка (РФ-мен шекарадағы) ауылынан 8-ші разъезге дейін бірінші учаске жөнделеді.
«Мәселе шешілді. Республикалық бюджеттен Атырау-Астрахань автожолының 60 ш.қайта жөндеуге қаржы бөлінді. Конкурстық рәсімдер «Қазавтожол» ҰК» АҚ арқылы жүргізілген. Мердігер-компания дайындық жұмыстарын осы айда бастайды.   Қайта жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігі 2019 жылы басталады», - бұл туралы ҚР парламенті сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов өзінің Атырауға барған сапарында айтты.  


adimage