Атырау драма театрындағы өрт ғимараттың төбесіне өтті

Астана. 22 тамыз. ҚазТАГ - Атыраудағы Махамбет Өтемісов атындағы қазақ драма театрында өрт ғимараттың төбесіне шықты, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
«22 тамызда сағат 14.30-да Атырау қаласының 101 қашықтан басқару пультінде М.Өтемісов атындағы қазақ драма театрында өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. Екінші қабатта электр щитінде басталған өрт содан кейін ғимараттың шатырына шықты», - деді бейсенбіде ТЖК баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өрттің болжамды ауданы - 1500 ш.м.
Өртті сөндіруге 40 адам және төтенше жағдайлардың жеті техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері драма театрдың аумағын қоршауға алды», - деп толықтырды Нұрахметов.

adimage