Атырау драма театрындағы өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Атырау. 23 тамыз. ҚазТАГ - Атырау драма театрында болған өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Драма театрдағы өрт туралы полиция бөлімі (ПБ) осы ҚР ҚК 292-бабы1-бөлігі  (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. ПБ ең тәжірибелі тергеушілерінің арасында тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу аясында өрттің ықтимал себептері тексерілетін болады. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті мамандар тартылды. Қылмыстық тергеу барысы облыстық прокурор Халидулла Дәуешовтің жеке бақылауына алынды», - деді жұмада Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Дәулет Аймағамбетов. Еске салайық, 22 тамызда, сағат 14.30-да Атырау «101» басқару пультіне М.Өтемісов атындағы қазақ драма театрындағы өрт туралы хабарлама келді. Екінші қабатта электрощиттен басталған өрт кейіннен ғимараттың шатырына тарады. Өрттің болжамды ауданы 1,5 мың шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге 40 адам мен жеті жедел техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері драма театрдың аумағын қоршауға алды. Өрт сағат 18.20-да сөндірілді.


adimage