Атырау. 4 қараша. ҚазТАГ – Атырау халқының саны 2030 жылға қарай 350 мың адамға жетеді, ал облыс орталығының ауданы 45,8 мың га-ға дейін кеңейеді, деп мәлім етті «Казгипроград-1» жобалау институтының директоры Валентина Баркова.
«Депутаттар алдында Атырау қаласының түзетілген бас жобасы ұсынылды. Есептік мерзімі – 2030 жыл, ұзақ мерзімдік болжам – 2050 жылға дейін. Жобада қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарастырылған. Ол халық санының есептік мерзім соңына қарай 350 мыңға дейін артуын қарастырады. Қала құрамына қала маңындағы 26 ауылдың 16-сы және Махамбет ауданының екі ауылы кіреді. Ол қала ауданының 16 566 гектардан 45 871 гектарға дейін артуына әкеледі»,- деді В. Баркова Атырау мәслихаты депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде.
Оның айутынша, қаланың келешек аумағы 16 тұрғын аудандарына бөлінген. Әр аудан үшін тұрғын үй қор құрылысы бойынша ұсыныстар жасалып, ол жерлерге қажет мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелеріне қажеттілік есептелді.
«Кешенді қалақұрылыс бағалауы негізінде жобаның 4 үлгісі жасалды. Түптеп келгенде қаланың солтүстік бағытқа өсуін қарастыратын «желілік» үлгісіне тоқтадық», - деді В. Баркова.
Сондай-ақ 2002 жылы бекітілген мұның алдындағы бас жоба 2015 жылға дейін деп есептелгенін еске салды.
«Қолданыстағы бас жоба дайындалып жатқанда қала ауданы 13 186 гектар болатын, және есептік мерзім соңына қарай ол аудан 19 205,2 га-ға дейін өседі деп, 2015 жылға қала халқының саны 220 мың адам болады деп қарастырылған. Ол шын мәнісінде қазіргі қала параметрлеріне сай келеді», - деді В. Баркова.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Оқу-ағарту министрі қабылдады
13 Қыркүйек 2024, 17:00 -
Қазақстанның ҰҚК қырғыз көкпаршысына қысым жасалғанын жоққа шығарды
13 Қыркүйек 2024, 16:51 -
Оралда алкомаркеттен 10 млн теңгенің вейпі тәркіленді
13 Қыркүйек 2024, 16:40 -
Елімізде тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы айқындалды
13 Қыркүйек 2024, 16:26