Атырау маңында қатты жел үйдің шатырын жұлып әкетті

Күні: 19:08, 03-05-2019.

Астана. 3 мамыр. ҚазТАГ – Атырау маңында қатты жел үйдің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«3 мамырда сағат 15.00-де Атырау маңындағы Балықшы ауылында А.Құнанбаев көшесінде екпіні 22 м/с жететін қатты жел 5 қабатты үйдің шатырын ішінара жұлып әкеткен. Зақым келген алаң 675 ш.м. құраған. Қаза тапқандр мен зардап шеккендер жоқ», - деді Нұрахметов жұма күні.
Ол атап өткендей, оқиға орнында комиссия жұмыс жасап жатыр.


Жаңалықтармен бөлісу: