Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Дәукенов 15 жылға бас бостандығынан айырылды

Атырау. 14 қараша. ҚазТАГ – Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің ҰҚТ ісі бойынша айыпталып жатқан облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукенов 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Бұған дейін Б. Дәукеновтың өз айыбын ішінара мойындағанын, алайда ҰҚТ басқарды деп айыптау «сәнге айналғанын» атап өткені хабарланған. Сотталушы егер әділетті болса, жазаны тартуға дайын екенін баса айтқан.
Еске сала кетейік, Атырауда Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев басқарған қылмыстық топ туралы іс бойынша сот процесі өтіп жатыр. Қылмыстық іс ашық өтуде. Сот орыс тілінде өтуде. Сот процессін Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Гүлмира Дәулетова жүргізуде. Оған көмекші судья ретінде Жұмағали Тәшімов тағайындалған.
Сот залында 22 адам сотқа тартылып отыр. Олардың арасында Атырау облысы әкімінің орынбасары Болат Дәукенов пен Асқар Әбдіров, Атыраудың экс-әкімі Асқар Керімов пен басқалар бар.
Сотталушыларға ҚР ҚК 235 б. (бір немесе бірнеше қылмысты жасау мақсатында ұйымдасқан топты құру және басқару, оған қатысу), ҚР ҚК 176 б. (сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену және жұмсау), ҚР ҚК 192 б. (жалған кәсіпкерлік), ҚР ҚК 193 б. ( ақшалай қаражатты немесе қылмыстық жолмен алынған өзгенің мүлкін заңдастыру), ҚР ҚК 307 б. (қызметтік құзыретін асыра пайдаланушылық), ҚР ҚК 314 б. (қызметтік жалғандық) бойынша айыптаулар тағылып отыр.
Қылмыстық іске тартылып отырғандарға мемлекеттік айыптаушы 8-ден 18 жылға дейінгі жаза сұрап отыр.

adimage