Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары екі айға қамауға алынды

Атырау. 26 наурыз. ҚазТАГ – Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Нұрсәуле Сайлауова екі айға қамауға алынды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауоваға сот шешімімен екі айға қамауға алу туралы бұлтартпас шарасы қолданылды», - деп хабарлады Атырау облыстық сотынан.
Еске салсақ, 18 наурызда Сайлауова бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемдену немесе ысырап ету (ҚР ҚК 189 бабы) және 5,1 млн теңге сома көлемінде пара алу (366 бап) күдігі бойынша уақытша ұстау изоляторына тоғытылған еді. Сонымен қатар ол 2016-2019 жылдарға арналған ҚР білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына бөлінген 10 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын топ адамдардың қатысуымен жымқырған деген күдікке де ілігіп отыр.

adimage