Астана. 13 қараша. ҚазТАГ - Атырау облысы мектеп -интернаты директорының бір жылға бас бостандығы шектелді, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс күдігі бойынша «Шарипова ат. Доссор мектеп-интернаты» ММ директоры Б.Бұйрашеваға, ММ директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Г.Кубиеваға, ММ бас есепшісі Б.Файзуллинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. (…) 12 қарашада Мақат аудандық соты Б.Бұйрашеваны бір жылға бас бостандығын шектеді, Г.Кубиеваның екі жылға бас бостандығын шектеді, Б.Файзуллинаның бір жылға бас бостандығын шектеді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, хабарланғандай, аталмыш тұлғалар өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылған.
«Олар қызметкерлеріне жалақыларын артығымен аударып, кейін үстіндегі артығын жинап алып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сонымен қатар Б.Буйрашева қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, «ҚАЖ» ЖК және «Маженов» ЖК-мен шарт жасап, техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін және толық емес көлемдегі генераторлар мен жылыту қазандықтарын қабылдаған. Келтірілген шығын көлемі Т3,5 млн құраған (өтелді)», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34