Атырау облысы МКД экс-басшысы ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Күні: 18:51, 12-03-2019.

Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Мәди Тәкиев ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады премьердің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәди Төкешұлы Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Тәкиев 2017 жылдан бастап — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры, ал оған дейін 2014 жылдан 2017 жыл аралығында Атырау облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды, ал 2014 жылы ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі болып жұмыс істеді.


Жаңалықтармен бөлісу: