Атырау облысы тұрғындарының үштен бірі оқу орындарына барып жүр

Атырау. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Атырау облысы тұрғындарының шамамен 30%-ы оқу орындарына барып жүр, деп хабарлады облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова.

«Біздің ақпарымызша, облыстың білім саласында 157 190 адам білім алып жатыр, бұл облыс халқының жалпы санының   26,7% құрайды», - деді З.Дүйсекенова сейсенбідегі брифингте.  

Оның айтуынша, оқып жатқандардың біраз бөлігін жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылар құрайды – 105 мың адамнан астам.  

«Ары қарай мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленуілері  – 31 014, колледждер мен ЖОО-лар студенттері – 21 103 адам», - деп түсіндірді З:Дүйсекенова.  

adimage