Атырау облысында 1 мыңнан астам адам мамандарды қайта даярлау және кәсіптік оқыту курстарына жіберілді

Атырау. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Атырау облысында жұмыспен қамтуға ықпал етудің өңірлік кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында 2015 жылы 9,8 мың адам жұмысқа орналасқан, бұл жоспарланған жылдық көрсеткіштің 66% құрайды, деп хабарлады облыстық әкімдіктен.  

«Нұрлы жол», индустриалды-инновациялық даму, «Агробизнес-2020», «Саламатты Қазақстан», БЖК-2020 мемлекеттік және салалық бағдарламаларын жүзеге асыру аясында 931 облыс тұрғыны жұмысқа орналасқан», - делінген хабарда.
  
Сонымен, облыс әкімдігінің ақпарынша, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде 1 мыңнан астам адам мамандарды қайта даярлау және кәсіптік оқыту курстарына жіберілді, тағы 38 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты, 444 түлек жастар тәжірибесінен өтуге ниет білдірсе, 203 адам шағын несиелер алды.  

Тұрғындардың жұмысқа орналасуына ықпал етудің тиімді формаларының бірі – оларды қоғамдық жұмыстарға жіберу болып табылады. Соңғы мәліметке сәйкес оған облыстың 4,4 мың тұрғыны қатысқан. Тағы 2 480 адам мемлекеттік қолдау шараларынсыз-ақ өздеріне жұмыс тапқан.  

adimage