Атырау облысында 10 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген

Атырау. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Атырау облысында 10 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген, деп хабарлады облыстық білім басқармасы басшысының  орынбасары Злиха Дүйсекенова.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша 184 жалпы орта білім беру мектептерінде оқитын аз қамтылған отбасы балалары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Тегін ыстық тамақпен қамтылған балалар саны 10 мың адамнан асады», - деді З.Дүйсекенова сейсенбідегі брифингте.  

Оның айтуынша, 184 мектептің алтауында типтік мектептік асханалар жоқ.  

«Барлығы облыс мектептерінде 160 асхана мен 8 буфет жұмыс жасап жатыр, бұл мектептердің жалпы санының  96,7% құрайды», - деп атап өтті З. Дүйсекенова.

Бұл ретте ол ағымдағы жылы Атырау қаласындағы 8 мектепте негізгі ғимараттарға жапсарлас құрылыстар басталғанын, оларда асханалар орналасатын болатынын айтты.

adimage