Атырау облысында 2014 жылы мүгедектерді шипажайлық емдеуге бюджеттен Т151,7 млн бөлінді

Күні: 13:50, 13-10-2014.

Атырау. 13 қазан. ҚазТАГ – Атырау облысында биыл мүгедектерді шипажайлық емдеуге бюджеттен Т151,7 млн бөлінді, деп мәлім етті облыстық жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Клара Мұқашкереева.
«2014 жылы осы өңірдің мүгедектеріне шипажайлық емделуге Атырау облысының бюджетінен 151,7 млн теңге бөлінді. Бұл былтырғыға қарағанда 2,7 есеге артық. Бұл қаражатпен 1667 адамды қамтуға болады», - деді Клара Мұқашкереева дүйсенбі күні.
Оның айтуынша, 2013 жылы облыстық бюджеттен осы мақсаттарға 56,8 млн теңге қаражат жаратылып, 663 мүгедекке шипажайлық жолдамалар әперілген.
«Биыл облыс мүгедектері Оралдағы «Ақжайық», Ақтөбедегі «Алғабас А» пансионаттары мен Алматы облысы Талғардағы «Спутник» пансионатында емделу мүмкіндігіне ие болды», - деді К. Мұқашкереева.
2014 жыл басына Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі 18 510 адам тұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: