Атырау облысында 2019 жылға дейінгі индустрияландыру бағдарламасының жобасын жүзеге асыру арқылы 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Атырау. 7 қазан. ҚазТАГ – Атырау облысында 2019 жылға дейінгі индустрияландыру бағдарламасының жобасын жүзеге асыру арқылы 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, деп хабарлады агенттік тілшісі.  

«Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында, 2015-2019 жылдары, шамамен 1,8 трлн теңгеге 17 жоба жүзеге асырылып, 3,1 мың жұмыс орны ашылады. Оның ішінде 3 жоба ресубликалық индустрияландыру картасына кіреді.  
Оның айтуынша, жалпы сомасы Т204,9 млрд құрайтын 13 жобаны ағымдағы жылы жүзге асыру жоспарлануда. Соның нәтижесінде 1 мыңдай жұмыс орны ашылады.  

«Ол - «Атырау Сауда» ЖШС құс фабрикасын үлкейту, «Алмалы құс» ЖШС құс фабрикасының құрылысы, «Первомайский БК» ЖШС сүт өңдеу және сүт өнімдері ншығару кешенінің қуатын арттыру, «Кемикал Солюшнс» ЖШС химиялық реагенттер өндіру зауыты, «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС тоқыма бұйымдарының өндірісі, «Атырау Бөдене» ЖШС бөдене жұмыртқалары мен етін шығаратын бөдене фермасы және басқалары», - деп атап өтті  Л.Жұмағалиева.

adimage