Атырау облысында 26 ақпанда автобус жүк көлігімен соқтығысып, үш адам мерт болды

Күні: 11:40, 27-02-2019.

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – 26 ақпанда Атырау облысында автобус жүк көлігімен соқтығысып, үш адам мерт болды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.
«Атырау облысында 26 ақпанда сағат 16.30 (аст.) Атырау – Орал көлік жолының 120 ш. Көктоғай ауылының маңында жол-көлік оқиғасы тіркелді», - делінген сейсенбідегі хабарда..
Алдын-ала ақпар бойынша, Daewoo автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, қарсы жолға шығып кетіп, Scania жүк көлігімен соқтығысқан.
ЖКО салдарынан автобустың үш жолаушысы қаза тапты.
«ЖКО бойынша мәлімет нақтылануда. Учаскеде дислокацияға сәйкес жол белгілері орнатылған. Автобус Орал-Атырау бағыты бойынша тұрақты рейс орындауда. «Батыс-Қазақстан автобус паркі» ЖШС-ге тиесілі көлік құралын техникалық байқау 2018 жылдың 20 қыркүйегінде өткен», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: