Атырау облысында 280 орындық балабақша ашылды

Күні: 12:02, 14-10-2014.

Атырау. 14 қазан. ҚазТАГ – Атырау облысының Махамбет ауданында «Балапан» бағдарламасымен 280 орындық балабақша ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Махамбет ауданында 280 орындық балабақша ашылды. Балабақша «Балапан» бағдарламасының арқасында ашылды. Балабақшаның ашылуына Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов қатысты», - деді сейсенбі күні баспасөз қызметінен.
Әкімшілік мәліметтерінше, жыл басынан бері 4 балабақша ашылды. Жыл соңына дейін тағы 6 мектепке дейінгі мекеме ашылмақшы.
«Жаңа нысанның ашылуы аудан балаларын мектепке дейінгі біліммен қамтуды ғана емес, жергілікті кадрларды жұмыспен қамтамасыз ету проблемасын да шешеді. Жаңа балабақшада 75 адам жұмысқа орналасады», - деді әкім.  


Жаңалықтармен бөлісу: