Атырау облысында 35 жеке балабақша жұмыс жасап жатыр

Атырау. 7 қазан. ҚазТАГ - Атырау облысында 35 жеке балабақша жұмыс жасап жатыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейту мақсатында мемлекеттік-жеке әріптестік мүмкіндіктері қолданылуда. Бүгінгі таңда облыс бойынша 35 жеке балабақша жұмыс жасап жатыр: оның ішінде 33 – і Атырау қаласында, 2-уі Жылыой мен Мақат аудандарында. Олардың екеуінде мемлекет тапсырысы орналастырылған (Мақат ауданындағы «Әсел» балабақшасы, Атырау қаласындағы «Хан шатыр» балабақшасы). Ал Атырау қаласындағы 6 жеке балабақшада мемлекет тапсырысын орналастыру жұмыстары жалғасуда», -  деді Атырау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары З:Дүйсекенова.

Жалпы облыс бойынша мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер саны - 126.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды дамытудың бірінші бағыты бойынша 14 балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Жергілікті бюджет есебінен Мақат ауданы Доссор поселкасындағы «Қарлығаш» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда», - деп атап өтті З.Дүйсекенова.  

adimage