Атырау облысында баланы өлімші етіп қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Күні: 18:49, 29-05-2019.

Атырау. 29 мамыр. ҚазТАГ - Атырау облысында баланы өлімші етіп қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Велосипедпен келе жатқан 8 жасар ер баланы жүк көлігі қағып кетті. Бала ЖҚО орнында қайтыс болған. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345 б. (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы)бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады сәрсенбіде Индер ауданының әкімдігінен.
Сондай-ақ, әкімдікте нақтылағандай, ЖКО 25 мамырда Индер ауданы Бөдене ауылында орын алған.


Жаңалықтармен бөлісу: