Атырау облысында бірқатар монополистерден 9 млн теңге шамасында айыппұл өндірілді

Күні: 18:44, 01-04-2019.

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысында айыппұл салына отырып, әкімшілік құқықбұзушылық туралы табиғи монополия субъектілеріне қатысты іс қозғалды, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтынан.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес, келесі табиғи монополия субъектілері әкімшілік жауаптылыққа тартып, айыппұлдар салды: «Атыраумұнайгазгеология-Бұрғылау» ЖШС, «АЛК-Атырауский логистический комплекс-ALC-Atyrau Logisticx complex» ЖШС, «ТБ Абсолют-Сервис» ЖШС, «Тасжол» ЖШС, «Достық А-Құрылыс» ЖШС, «Гумаров К» ЖК, «Индер Су» КМК, «Мұратов А» ЖК, «АИДА» ЖК, «Садыков А» ЖК, «Ерлан» ЖК, «Қайседенов» Ш/Қ, «Бисембай» ЖШС, «Муфтах» ЖШС, «Мухашова С» Ш/Қ, «Кисимов Н» ЖК, «Хамзаұлы» Ш/Қ, «Тұрмыстық қызмет» МКК, «Лотов М» ЖК, «Жылыой Тазалық» ЖШС, «Жұбанов А» ЖК және «Есенаманова Е» ЖК.», - делінген хабарда.
Хабарда көрсетілгендей, күні бүгінге 8 989 000 теңге көлеміндегі айыппұл сомасы мемлекет кірісіне өндірілді.


Жаңалықтармен бөлісу: